Өнер қырандарының «Берекелі мереке 7» атты концертін 14 мамырда «Almaty TV» арнасынан тамашалаңыз

almaty.tv
almaty.tv
Аталған концерт осымен 7 жыл қатарынан қасиетті Рамазан айында өткізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертең, 14 мамырда «Алматы» телеарнасында сағат 20:40-та «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке 7» атты концерті көрсетіледі.

Рухани концерттің мақсаты – қасиетті Рамазан айы қарсаңында мұсылмандарды бес парыздардың бірі ораза құлшылығын өтеуге құлшындырып, халыққа насихат жасау. Бұл жаңа бағдарламада «Өнер қырандары» театрының орындауында Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) өмірінен үзінділер, қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелер туралы қойылымдар көрсетіледі. Сондай-ақ, концертке белгілі өнер жұлдыздары қатысады.

Аталған жоба 2015 жылы алғаш рет Алматы қаласындағы Студенттер сарайында және 2016 жылы  Республика сарайында көрермен назарына ұсынылып, халықтың ыстық ықыласына бөленген еді.

Ендеше Ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келген, көпшілік көңілінен шыққан «Берекелі мереке 7» атты концертті тамашалауға шақырамыз.


Новости партнеров