Мәнерлеп сырғанаушының видеосын Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Instagram-дағы өз парақшасында жариялады
Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен (Ian Vauclin) Куршавелде жасөспірімдер арасында өткен әлемдік Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Спортшы Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» композициясымен өнер көрсетуді жөн санапты.
Мәнерлеп сырғанаушының видеосын Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Instagram-дағы өз парақшасында жариялады.
Сайыс барысында 17 жастағы Воклен 112,57 балл жинап, төртінші орыннан көрінді.