«Алматы жүрегімде – 2022» халықаралық байқауы өтті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
«Гран-при» иегеріне 2 000 000 теңге сыйақы берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда  әншілердің  «Алматы жүрегімде – 2022» халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

«Алматы жүрегімде – 2022» байқауы 4-5 желтоқсанда өтті. Оған Израиль, Болгария, Литва, Беларусь, Армения, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 20-35 жас аралығындағы 15 жас орындаушы қатысты.

Байқаудың бірінші күні қатысушылар қазылар алқасының мүшелеріне өз елінің хит-шерулерінде жетекші орын алатын танымал эстрадалық шығармаларды ұсынды. Байқаудың екінші күні эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық әндер орындалды.

Байқау қорытындысы бойынша «Гран-при» номинациясы және 2 000 000 теңге қазақстандық әнші  Әділхан Макинге берілді,  «1-сыйлық» пен 1 500 000 теңгеге Армениядан келген Сюзанна Мелконян ие болды, ал «2-сыйлықты» және  1 000 000 теңгелік марапатты екі әнші  бөлісті, олар - қазақстандық әнші Мәди Сыздықов пен Мордовиядан келген Вячеслав Явкин. 500 000 теңге жүлдесі бар «3-сыйлық» номинациясын Беларуссиялық орындаушы Анастасия Рачинская, Грузия әншісі Георгий Такаидзе және Болгариядан келген Христиана Жданова  өзара бөлісті.

Новости партнеров