Мақсаты - түрлі халықтар арасындағы өзара сыйластықты нығайту
Алматыда халықаралық балалар мен жасөспірімдер бастамаларының форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – Жібек жолы бойындағы мәдени мұраны сақтау, түрлі халықтар арасындағы өзара сыйластықты нығайту, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатысушы мектеп оқушылары өнерін ортаға салып, халықтар мәдениетін әр қырынан көрсетуге басымдық берген.
– Әр халықтың өзінің салт-дәстүріне қарай Жібек жолының маңызы өте зор. 200 жылдан астам тарихы бар Қытайдан бастау алған Жібек жолы насихаттау арқылы жастарды тек сауда-саттық емес, тілін, мәдениеттін жақсартпақ, – деді №5 мектеп-гимназия директоры Сәуле Жұмабекова
– Бүгін жасөспірімдердің, жастардың белсене атсалысқанына қуаныштымын. Себебі олар – біздің келешегіміз. Өскелең ұрпақтың алдағы уақытта елдер арасындағы байланысты одан әрі нығайта беретініне сенімдімін, – деді ҚХР консулы Чэн Сань Юнь.
Оқи отырыңыз: Серікбол Сайлаубек дүркіретіп той өткізді (видео)