|
02.05.2024 | 11:56
807

Серікбол Сайлаубек дүркіретіп той өткізді (видео)

Әнші екінші рет шаңырақ көтерді

Серікбол Сайлаубек дүркіретіп той өткізді (видео) Видеодан кадр: Instagram/serikbol_sailaubek

Қазақстандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Күні кеше өнер иесінің үйлену тойы дүркіреп өтті. Серікбол Сайлаубектің отбасын құрғанын белгілі отандық асаба Руслан Искаков хабарлады. Ол Instаgram-дағы парақшасында үйлену тойдан видеолар жариялап, дүбірлі тойдың қалай өткенін көрсетті. Әншінің қуанышына тек ет-жақындары мен өнердегі достары ортақтасып келген. Танымал тұлғалар арасында Сәкен Мағазиев, Ермек Меденов, Ахметжан Есімов, Ұланғасыр Қамиев және т.б бар. Белгілі болғандай, Серікбол Сайлаубектің таңдауы Назкен есімді аруға түскен. Алайда өнер иесінің келіншегі жайлы әзірге басқа ақпарат жоқ. Әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына үйлену тойынан видео жүктеген жоқ.

Айта кетейік, бұл Серікбол Сайлаубектің екінші некесі болды. Шоу-бизнес өкілі бірінші әйелімен ажырасып кеткенін өткен жылы хабарлаған болатын. Өнер иесінің бірінші некеден 4 баласы бар.

Оқи отырыңыз: Көк орамал: туған күнінде құрбыларына сыйлық жасаған Қарақат Әбілдина сынға қалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир