Алматыда «Сұлу мен құбыжық» мюзиклін оқушылар сахналады

 Almaty.tv
Almaty.tv
Театр сахнасында Шоқан Уалиханов атындағы мектептің 3-сынып оқушылары өнер көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шарль Пероның «Сұлу мен құбыжық» мюзиклі көпшілікке жол тартты. Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында көрсетілген қойылымды Шоқан Уалиханов атындағы мектептің 3-сынып оқушылары сахналады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Сахнаға әбден машықтанған олар өзін еркін ұстап, ертегі әлеміне саяхат жасады. Олардың актерлік шеберлігіне көрермендер де тәнті болды.

«Шарль Пероның бәріміз білетін ертегісі. Сол ертегінің желісін мюзиклға ыңғайлап, қазақ тілінде сахналадық. Орыс тіліндегі нұсқасында жоқ екі әнді қазақ тіліне өзіміз аудардық. Бұл біз үшін тәжірибе болды», – деді Ш. Уәлиханов атындағы мектептің мұғалімі Гүлзина Үржігітова.

Алматыда алғаш рет қазақ тілінде сахналанған шығарма көптің көңілінен шықты. Балалар махаббат пен іңкәр сезімді кішкентай көрермендерге актерлік шеберлігі мен тыңғылықты дайындығының арқасында жеткізе алды. Мейірімділікке тәрбиелейтін спектакль көпшіліктің жүрегіне жылулық ұялатты.

«Шынын айтсам, балалармен мюзикл қою оңай болған жоқ. Бірақ бәрі ойдағыдай шықты. Бүгін олардың төрт айлық еңбегінінің нәтижесін көрдік. Көпшілікке ұнады деген үміттемін», – деді қоюшы режиссер Азат Даутов.

Новости партнеров