Алматыда Наурыз мерекесіне орай қаланың көрнекі безендірілуінің үздік дизайны байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының мәдениет басқармасы жариялаған «Наурыз мейрамы – 2023» көрікті жерлерін безендірудің үздік дизайнына арналған байқау аяқталды.
Жеңімпаздарды дизайнерлер одағының, суретшілер одағының, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясы таңдады.
Қаланы билбордтармен безендіру бойынша конкурс ниет білдірушілер арасында өткізілді.
1 орын игері Динара Абраева атанды.
Амантур Бейсенбинов 2-орынды иеленді
Нұржан Ибраевке 3-орын берілді.
Жеңімпаздардың жұмысы Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының жарнама алаңдарында орналастырылады.