Биыл Наурыз көжені ошаққа дайындаймын – Екатерина Жолбарыс

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасының «Таңғы Studio» бағдарламасына жұбайымен бірге келген әнші Сейфуллин Жолбарыс ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мейрамын қалай қарсы алатыны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әңгіме барысында әншінің жары Екатерина қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлегенді ұнататынын айтты.

«Негізі бұл тақырып Сейфуллинге қарағанда, маған жақынырақ деп ойлаймын. Себебі үйде орыс халқының тағамын Сейфуллин ұнатса, мен керісінше қазақ халқының тағамдарын ұнатамын. Қандай тағам бар, соның бәрін дайындай аламын», - деді әншінің жары.

Сондай-ақ Екатеринаның айтуынша биыл Наурыз мейрамын асыға күтіп жүргенін жеткізді.  

«Биыл Алла қаласа, ұлыстың ұлы күнінде жақсылап Наурыз көже дайындаймын деген ойым бар. Біз жер үйде тұрғандықтан Наурыз көжені ошаққа әзірлеймін», - деді ол.

Новости партнеров