|
29.07.2022 | 15:51
674

«Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады

Фильм – Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген

«Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады Фото: tengrinews.kz

Танымал мәнерлеп сырғанаушы болған Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға орын алмастан бір ай бұрын, 2018 жылдың маусымында Денис Тен фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдаған және финалға өткен. 

Фильм түсірілімі спортшы өлімінен кейін 2019 жылы басталған. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды. 

Фильмнің жалпы ұзақтығы - 33 минут, түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгертпеуге тырысқан. 

Бұл туындының қалай түсірілгені туралы Қанат Бейсекеевтің «Фильм туралы фильмі» қоса көрсетіледі. Деректі фильмде Денистің ағылшын тілінде жазған өлең шумақтары, әндері кинокартинада көрсетілетіні айтылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир