Алматыда мемлекеттік қызметшілер Дулат Исабековпен кездесті

10.04.2024 20:41

Жазушы кітап оқу мәдениетіне тоқталды

Almaty.tv

Алматыда мемлекеттік қызметшілер жазушы, драматург Дулат Исабековпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рухани іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Басқосуда қаламгер кеңінен танымал шығармаларының тарихы мен ана тілдің маңызы туралы сөз етті. Сондай-ақ кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен әлем әдебиетіне де тоқталды.

– Адамдар қазір кітапты керек етпейді. Интернеттен оқиды. Менің де шығармаларымды интернеттен оқиды екен, – деді Қазақстанның еңбек ері Дулат Исабеков.

Оқи отырыңыз: Жертөледегі мұражай: Шымкенттік келіншек үйдің ауласын да ою-өрнекпен көмкерген