Жиынға қалалық мәдениет басқармасы өкілдері мен белгілі жазушылар және журналистер қатысты
Бүгін Ұлттық кітапханада Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шарада салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз жаңғыртылды. Күмбірлеген күй мен әуелеген ән де Наурыздың сәнін келтірді. Жиынға қалалық мәдениет басқармасы өкілдері мен белгілі жазушылар және журналистер қатысып, жұртшылыққа ізгі тілегін білдірді.
"Наурыз – ас ішіп, ыдыс босату емес. Керісінше жақсы тілек тілеп, жақсы сөз айтып, болашаққа бағдар жасау. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өзінің дәстүрлі Жолдауын жолдап, ұлттық мәселелерді жан жақты талқылады", - дейді журналист Бақыт Жағыпарұлы.
"Ұлттық кітапхана – ерекше парасат ордасы. Осы жерде әлемнің 123 тілінде жазылған 7 миллионнан астам қорымыз бар. Құдай қаласа 9 сәуір осы жерде дін мен дәстүр деген зал ашқалы жатырмыз", - дейді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова.