|
28.05.2021 | 14:22
1848

«Almaty Bala Fest» фестивалі мақтауға тұрарлық жоба – Данияр Өтеген

Бұл туралы ол «Таңғы студио» бағдарламасындағы сұқбатында айтты

«Almaty Bala Fest» фестивалі мақтауға тұрарлық жоба – Данияр Өтеген

«Almaty Bala Fest» балалар фестивалінде әділқазылар алқасының қатарында болған Ringo тобының әншісі Данияр Өтеген байқаудан алған әсерін халыққа жеткізді. Мұндай шараның міндеті мен маңыздылығы жайлы айтты. Бұл туралы ол «Таңғы студио» бағдарламасындағы сұқбатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Балалардың өнері әрқашанда жақсы энергетика, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Себебі балалардың өнері пәк, таза. Олардың ешкандай коммерциалық ойы жоқ. Олар тек өз  арманын қуып жүреді. Өте жақсы әсер алдым», – деді Данияр.

Сонымен қатар, Данияр алған әсерін ғана айтып қоймай, фестивальдің мақсаты мен міндеті жайлы айтып өтті.

«Талантты, дарынды балаларға сахна беру керек. Біздің жеріміз әрқашанда дарынды адамдарға толы болған. Әлі де толы. Дегенмен солардың қатарын кеңейту үшін балаларға арналған сахна ондай көп емес. «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған атақты әншілерге қойылмайтын техникалық жағдайлардың бәрін балаларға қойып берді. Біз өте қуаныштымыз! Балалардың құлшынысын, ынтасын түсірмей, керісінше арманына қол жеткізуге көмектесу біздің мақсатымыз», – деді әнші.

Сондай-ақ, сарапшы ретінде жас талант иелеріне өзінің өнер жолындағы тәжирбесі мен кеңестерін бөлісетінін айтып, «Almaty Bala Fest» балалар фестивалін мақтауға тұрарлық жоба екенін айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир