Алматыда «Оркестрлер шеруі» басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Дүйім жұртқа 20-дан астам ұлттық аспапта орындалған попурри ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда дәстүрлі түрде өтетін «Оркестрлер шеруі» басталды. Екі күнге жалғасатын шараның алғашқы күнінде қазақтың халық әндерін «Сазген сазы»ансамблі мен Абай атындағы Мемлекеттік симфониялық оркестр сүйемелдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дүйім жұртқа 20-дан астам ұлттық аспапта орындалған попурри ұсынылды. Ал биылғы шараның басты ерекшелігі–дәстүрлі аспаптар мен электронды музыканың үлесім тапқаны. Жалпы концертте бірден үш музыкалық жанр: қазақ фольклоры, симфониялық және электронды музыка тоғысты. Сондай-ақ, бұл жолы қазақтың шығармалары диджеймен бірге орындалды.

«Жылда өтетін іс шара. Биыл біраз форматы өзгеріп, симфониялық оркестрмен фольклорлы этнографиялық«Сазген сазы»ансамблі бірігіп осындай концерт беріп жатыр. Концерттің репертуары өте бай, ауқымды», – деді «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бағдат Тілегенов.    

Ескерте кетейік, бүгін «Оркестрлер шеруі» жалғасады. Кешкі 20:00-де өтетін шараға еліміздегі атақты рок топтар қатысады. Олар әлемдік хит әндерімен қоса қазақстандық топтардың туындыларын орындайды. Музыкалық мереке Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзарда өтеді. Кіру тегін. Шараға алғашқы күні қатысқандар ертең де қуана келетіндерін айтты.

Новости партнеров