|
21.12.2023 | 15:53
360

Алматыда Мұзафар Әлімбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Ол – қазақ балалар әдебиетінің классигі

Алматыда Мұзафар Әлімбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды Almaty.tv

Алматыда Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған іс-шараға марқұмның жақындары, туған туыстары мен дос-жарандары қатысты. Қаламгер тұрған үйге жиналған қауым оның әдебиеттегі елеулі туындыларын еске түсіріп, естелік айтты.  

– ХХ ғасырдың екінші жартысы – қазақ балалар әдебитінің алтын дәуірі. Алтын дәуірдің діңгегі – Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ балалар әдебиетін Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларынсыз елестету мүмкін емес. Ақын «Балдырған» журналын шығарумен қатар, балаларға арнап өлеңдер, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар жазған.  Ол – қазақ балалар әдебиетінің өндіртіп жазған классигі, – деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Нұржан Қуантайұлы.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар Әди Шәріповті еске алды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир