Ол – қазақ балалар әдебиетінің классигі
Алматыда Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған іс-шараға марқұмның жақындары, туған туыстары мен дос-жарандары қатысты. Қаламгер тұрған үйге жиналған қауым оның әдебиеттегі елеулі туындыларын еске түсіріп, естелік айтты.
– ХХ ғасырдың екінші жартысы – қазақ балалар әдебитінің алтын дәуірі. Алтын дәуірдің діңгегі – Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ балалар әдебиетін Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларынсыз елестету мүмкін емес. Ақын «Балдырған» журналын шығарумен қатар, балаларға арнап өлеңдер, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар жазған. Ол – қазақ балалар әдебиетінің өндіртіп жазған классигі, – деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Нұржан Қуантайұлы.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар Әди Шәріповті еске алды