Өмірімнің мәні мен сәні: жаңа туынды жарық көрді

Almaty.tv
Almaty.tv
Академик, антрополог ғалым Оразақ Смағұлов 93 жасқа толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Академик, антрополог ғалым Оразақ Смағұловтың «Өмірімнің мәні мен сәні» атты жаңа ғұмырнамалық кітабы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылым жолына бар ғұмырын арнаған тұлғаның теперіші мен тағылымы мол тағдыры жазылған туындыдан кез келген оқырман сабақ алмақ. Онда далалық экспедициялар мен әлемнің әр қиырына ғылыми конференцияларға барған сапарларындағы шытырман оқиғалары баяндалған. Атыраудан Алтайға дейінгі кең даланы 50 ғасырдан бері бабалар мекен етіп келе жатқанын дәлелдеуге ғұмырын арнаған қазақтың тұңғыш антрополог ғалымы 93 жасқа толды.

– Қазақтың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы ұлтымыздың Қазақстан өңірінде тұрып жатқанына 50 ғасыр уақыт өткені дәлелденді. Ал оған дейін қазақты моңғолдан таратып, «қазақ бұл жердікі емес» деген әңгімелер айтылған болатын, – деді антрополог ғалым Оразақ Смағұлов.

Оқи отырыңыз: Мектептердегі орын тапшылығы қалай шешіледі

Новости партнеров