Жерар Депардье әйел зорлады деген күдікке ілінді

24.02.2021 21:00

Танымал әртістің өзі бұндай жағдай мүлдем болмағанын атап өтті

aif.ru

Белгілі француз актері Жерар Депардьеге әйелді зорлады және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, айып 16 желтоқсанда тағылған. Шағым түсірген жас актриса оқиға 2018 жылдың жазында болғанын жеткізген. Қылмыс құрамы анықталмаған соң тергеу 2019 жылдың маусым айында тоқтатылды. Ал танымал әртістің өзі бұндай жағдай мүлдем болмағанын атап өтті. 2020 жылдың тамызында Париж прокуратурасы істі қайта қарау туралы сұрау жіберді. Өткен жылдың қазан айында тергеуші істі жандандырғаны белгілі болды. 

Айта кетейік, Жерар Депардье жүздеген фильмге түскен атақты француз актерлерінің бірі. Ол 2013 жылы Франциядан кетті. Өнер иесі байларға салынатын салықтың тым көп екендігіне келіспей, Ресей азаматтығын алды.