Алматыда Роза Әлқожаның «Кері ағыс» жыр жинағының таныстырылымы өтті
Almaty.tv
Іс-шараға қаламы қарымды жазушылар, ақындар мен әншілер қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жазушылар одағында әншілігімен қатар сырлы, сұлу әлемін сүбелі сөзбен суреттеп жүрген ақын Роза Әлқожаның шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кеште «Кері ағыс» жыр жинағының таныстырылымы өтті. Іс-шараға қаламы қарымды жазушылар, ақындар мен әншілер қатысты. Автордың сөзіне жазылған әндер де орындалды.
«Розаға тосын сый болсын деген оймен, оған қай өлеңіне ән жазғанымды айтпай, бірден шығармашылық кеште орындап беруді шештім. Бұл ән көрерменнің де көңілінен шыққан сияқты», – деді әнші Шаба Әденқұл.
«Рухани кештеріміз көп болсын! Қазағымыздың өнері биіктей берсін», – деді дәстүрлі әнші Қазыбек Әдікей.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
14 қыркүйекке арналған валюта бағамы
14.09.2026 09:00
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
14.09.2026 11:13