Қазақстандық Рухия Байдүкенова «Славян базарында» көш бастап тұр

Қазақстандық Рухия Байдүкенова «Славян базарында» көш бастап тұр
Бірінші конкурстық күннен кейін әнші 70 балдан 69 ұпай жинады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Бірінші конкурстық күннен кейін әнші 70 балдан 69 ұпай жинады. Қазылар алқасының барлық мүшесі қазақстандық орындаушыға 10 ұпай берді, Ресейлік Сергей Пенкин 9 ұпай жинады. Айта кетейік, биыл қазылар алқасының мүшелері арасында Димаш Құдайберген де бар, ол 2015 жылы «Славян базарының» бас жүлдесін жеңіп алған болатын.

Димаш Құдайберген қазақстандық әнші шыққан кезде, барынша қолдау білдіріп отырған.

22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорғанда дүниеге келген, вокалмен ерте жастан айналысқан. Дауысы бес октавалы бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша үшінші курсында оқиды.

Рухия «Ақ көгершін» (2010 жыл, II орын), «Бозторғай» (2011, I орын) атты көптеген байқаудың лауреаты және дипломанты, сонымен қатар «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауының финалисті.

Новости партнеров