37 жастағы қазақстандық әйел «Ғаламшар аруы» байқауында жеңіске жетті

37 жастағы қазақстандық әйел «Ғаламшар аруы» байқауында жеңіске жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

37 жастағы қазақстандық әйел Ләйлә Құлжанова «Ғаламшар аруы» атанды. Universe Beauty 2019 байқауы Антальяда өтті.

1 мен 8 мамыр аралығында 20 ел атынан қатысқан шыққан қатысушылар байқауда бақ сынасты.

Universe Beauty сұлулық пен сән, дарындылардың байқауы. Әлем елдерінен келген қатысушылар ұлттық киімде, спорттық киімде сахнаға шықты. Шығармашылық қырын көрсетті.

Қорытынды кезеңде сахнаға кешкі көйлекпен шықты.

Байқауда бірнеше қазақстандық қатысушы әртүрлі титулды иеленді. Сымбат Касымова пен Сабина Кайрат жеңімпаз деп танылды.

Фестиваль аясында өткен Super Model Universe 2019 байқауында Best photo model Universe beauty номинациясын Қайрат Дінмұхамед жеңіп алды.

Ләйлә Құлжанованың екі жоғары білімі бар. Заң және қаржы мамандығын оқыған. Екі баланың анасы. Былтырғы жылы «Семей аруы – 2018» жеңімпазы атанған болатын.


Новости партнеров