Қазақстан мен Корей елі арасында ынтымақтастықты арттырып, мәдени мұраны дәріптеу үшін елімізде алғаш рет "Сеул ғажайыптары" көрмесі ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Онда 6 ғасырлық тарихы бар астананың өткенін бейнелейтін 100-ден астам бірегей экспонат, ұлттық киімдер мен құнды жәдігерлер көрсетілген. Өзара халықаралық тәжірибе алмасу негізінде ұйымдастырылған көрмеге келушілер 20 тамызға дейін Сеул қаласының ғажап көріністерін тамашалай алады.
- 2022 жылы Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Сеул қаласының музейлер бірлестігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Көрме екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте дәстүрлі ежелгі тарихынан мағлұмат беретін жәдігерлер қойылды. Ал екінші бөлімінде заманауи Сеул қаласының қазіргі мәдениетімен танысуға мүмкіндік бар, - деді Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.
Оқи отырыңыз: Астана күнінде қазақстандықтар қалай демалады