Дәйдидау: Алматыда Pocketbook форматында кітап жарық көрді
Almaty.tv
Кітапқа Сағымбай Қозыбаевтың ең үздік әңгімелері енген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматылық екі басылым алғаш рет кітаптарын Pocketbook форматында басып шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді белгілі әдебиетшілердің, жазушылардың, публицистердің мақала, эсселері қалтаға салып, жолда оқығанға ыңғайлы болады. Сондай кітаптардың алғашқысы болып танымал публицист Сағымбай Қозыбаевтың «Дәйдидау» эсселер жинағы көпшілікке ұсынылмақ. Кітапқа автордың ең үздік әңгімелері енген.
«Сағымбай Қозыбаев кез келген қиын тақырыпты қарапайым, ұғынықты етіп жазатын шеберлігін атап өткім келеді. Кітаптары өте қызық. Эсселер жинағы Pocketbook, кішкентай кітапша форматында да шығады. Бұл қалтада ұстап жүріп, оқуға өте ыңғайлы болады деген ойдамын», – деді тәуелсіз зерттеуші Ринат Шаяхметов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51