|
07.11.2021 | 16:23
3863

Қазақстандық биші брейк-данстан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық биші брейк-данстан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық биші Әмір Зәкіров Польшада өткен әлем чемпионатында 1-орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлем чемпионаты әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік бишілердің басын қосты.

Red Bull BC One - әлемдегі ең ірі жарыс. Оған жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам биші қатысады. Қазақстан мен ТМД елдерінен бірінші болып атақты Николай Черников пен Килла Коля осы жарыстардың финалисі атанған болатын.

Әмір Зәкіровке келетін болсақ, 2021 жылдың қыркүйегінде ол Бельгияда өткен JBL Unbreakable ірі халықаралық брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанғанын айта кеткен жөн. Финалда ол бельгиялық Майти Джимммен бақ сынасты.

Сондай-ақ Әмір ТНТ арнасындағы "Танцы" шоуының 3-маусымының қатысушысы, Қазақстан чемпионы және брейктен республика құрамасының мүшесі. Ол көптеген Ресей және Еуропа чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері.

Айта кетейік, брейк-данс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир