1941-45 жылдары болған соғыс кезіндегі Алматының өмірін бейнелеп кеткен суретшілер Владимир Стерлигов пен Татьяна Глебованың туындыларынан құралған көрменің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қос қылқалам шебері шаһарға соғыс жылдарында келген. Осында тағдырларын тоғыстырып, шаңырақ құрады. Достарына жазған хаттарында «Алматы – сурет салуда жайлы, жұмақ мекен» деп баға берген. Осылайша, ару қала ерлі-зайыптының өмірінде ерекше орын алса керек.
«Бұл көрме Алматы музейінде қазан айының 17-не дейін тұрады. Дүйсенбіден басқа күндері, сейсенбі мен жексенбі аралығында таңертеңгі 10-нан кешкі сағат 7-ге дейін музейіміз ашық. Тағдыры қиын да қызықты суретшілердің шығармаларымен танысуға алматылықтарды және қала қонақтарын шақырамыз», – деді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директорының орынбасары Қайрат Тарбаев.