|
21.05.2021 | 16:24
1413

Б. Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгінгі жиында ұстазын ұлықтаған шәкірттер Бауыржан Нөгербектің мұрасы өлмейді дейді

Б. Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін белгілі кинотанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсауы кесілді. Кітапқа ғалымның қазақ кино өнерінің даму тарихы мен ұлттық киноның ерекшеліктері туралы баспасөз беттерінде жариялаған мақалалары енген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Үлкен ресми тұсаукесері Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық академиялық кітапханада өткен болатын. Енді бұл Алматыдағы жалғасы. Өйткені Алматы біздің мәдени астанамыз және Бауыржан Нөгербек өзінің еңбек жолын осы қалада бастаған, әріптестері де осында», – деді Бауыржан Нөгербектің ұлы, кинотанушы Баубек Нөгербек.

Ғұмырын қазақ киносының өзекті мәселелерін зерттеуге арнаған көрнекті ғалым еліміздегі кинопедагогика және кәсіби кинотану мамандығының негізін қалаған. Бүгінгі жиында ұстазын ұлықтаған шәкірттер Бауыржан Нөгербектің мұрасы өлмейді дейді.

«Бауыржан Рамазанұлы – біз үшін әкеміздей болып кеткен асыл азамат. «Ұстазымыз ағысқа қарсы жүзгендерді ұнатамын», деп тәрбиеледі. Өз басым ағайдың алдында 6 жыл білім алдым. Өнер мектебінен кейін ұстазымыз бізді өмір мектебіне тәрбиеледі», – деді Б.Нөгербектің шәкірті Гүлім Көпбайқызы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир