|
26.05.2021 | 16:50
13343

Жүлде қоры 2 млн теңге: IQ Almaty жобасының 2-маусымы көрерменге жол тартпақ

Тұсаукесер 29 мамыр күні болады

Жүлде қоры 2 млн теңге: IQ Almaty жобасының 2-маусымы көрерменге жол тартпақ

«Алматы» телеарнасында IQ Almaty жобасының 2-маусымы көрерменге жол тартпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас жүлде 2 000 000 теңге үшін мегаполистің 20 ЖОО-ның ең білімді студенттерінен құралған 20 команда бақ сынайды. Жеңген командаға бас жүлдені қала әкімі Б.Сағынтаев салтанатты түрде табыстайды.

Бағдарлама барысында даулы мәселелер туындаған жағдайда жүргізуші Бауыржан Сатовқа екі тәуелсіз сарапшы көмектеседі. Олар қоғам қайраткері, ғалым, «Алматы» телеарнасының өкілі немесе эстрада жұлдызы болуы мүмкін. Сондай-ақ, бағдарлама әнмен әрленіп, күймен көмкеріледі.

Телешоудың 2-маусымының басты мақсаты – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық аясында ел жастарының зияткерлік әлеуетін көрсету.

Бағдарлама ұйымдастырушылары жаңа маусым бұрынғыдан да қызықты болатынына уәде береді.  

Естеріңізге сала кетейік, шоудың 1-маусымында елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жобаға 10 жоғары оқу орнының, 6 колледждің және Алматыдағы 8 жалпы білім беретін мектептің ең білімді студенттері мен оқушыларынан құралған 24 команда қатысқан еді.

IQ Almaty жобасының 2-маусымына қатысушы ЖОО тізімі:

1. Алматы Менеджмент Университеті

2. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

3. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

4. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

5. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

7. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

8. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

9. Логистика және көлік академиясы

10. Тұран Университеті

11. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты

12. Қазақ Британ техникалық университеті (ҚБТУ)

13. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

14. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

15. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

16. Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы

17. Каспий қоғамдық университеті

18. Нархоз Университеті

19. Орталық Азия университеті

20. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Адель Мұхатаева
Адель Мұхатаева
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир