Туынды халық аңызының желісіне негізделген
Алматының Алатау дәстүрлі өнер театрында феерия жанрындағы жаңа қойылым сахналанды, деп хбарлайды Almaty.tv.
Туынды «Ақсақ құлан» халық аңызының желісіне негізделген. Көріністе бостандық пен әділет жолындағы күрес суреттеліп, оқиға көркем түрде баяндалады. Қойылым қалың көрермен үшін кеше ұсынылды. Бүгін де өнер ордасы театрсүйер қауымды тың туындының премьерасында күтеді.
– Бұл қойылымда бүкіл әлемде өзекті болып отырған бейбітшілік тақырыбы көтеріледі. Көп ой айтылады. Қоғамға, адамзаттың қазіргі іс-әрекетін көрсеттік, – деді Алатау дәстүрлі өнер театры әдебиет бөлімінің маманы Ардақ Беркінбай.
Оқи отырыңыз: Almaty TV арнасына – 25 жыл