Қазақстанда «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады

Қазақстанда «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қайта құрылмақ. Мұндай бастаманы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көтеріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Кино орталығы танымал кинематографистермен бірлесіп, ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрылымында болған «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құру бастамасын көтерді. Бұл мәселе бүгінде барынша өзекті деп санаймыз», - деп атап өткен еді ұйымның баспасөз қызметі агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ал «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың айтуынша, бұл үшін аталған бірлестіктің құрылымына, қаржыландырылуына және қызметіне қатысты мәселелерді шешу қажет.

«Біз бұл идеяның негізгі бастамашысы ретінде қазірдің өзінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен әңгімелестік және де министрліктен болашақ бірлестіктің заңды мәртебесін келісуді сұрайтын боламыз», - деді Есетжан Қосыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі отыз жылға жуық уақыт бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрамында жұмыс істеді. Бірлестіктің басты міндеті кино саласына сүбелі үлес қоса алатын жас таланттарды анықтау болатын.

Новости партнеров