|
22.05.2022 | 17:14
4364

Жәнібек Әлімханұлы Головкинге қатысты сұраққа жауап берді

Боксшы осымен 12-жеңісіне жетіп отыр

Жәнібек Әлімханұлы Головкинге қатысты сұраққа жауап берді ашық дереккөз

Орта салмақта WBO-ның уақытша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8КО) отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бұл – қазақ дәстүріне жат қылық. Біз үлкенге қол көтермейміз. Головкин жоғары дивизионға көтеріледі деп үміттенемін. Өйткені мен орта салмақтағы барлық белбеуді жинағым келеді, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, бүгін отандасымыз Лас-Вегас қаласында британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) қолғап түйістірген болатын. Әлімханұлы бірінші раундта Дигнумды нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта "уақытша" әлем чемпионы атанды. Ал Дигнум кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир