Алматыда «Мулан» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Фильмді «Болашақ» корпоративтік қоры дубляждаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Голливудтық «Мулан» фильмі қазақ тілінде сөйлейді. Disney студиясының бұл туындысы «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен дыбысталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

9 жыл ішінде қор 35 шетелдік фильмді қазақшаға дубляждаған. Сондай-ақ шетелдік бұл фильмге қазақтандық «Номад» каскадерлер құрамы да арнайы шақырту алып, киноға түскен. Фильмді қазақша сөйлету үшін 60-тан астам кәсіби актер атсалысты.

Көптен күткен киноның премьерасында жоба ұйымдастырушылары, медиа-тұлғалар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және блогерлер бой көрсетті. Көрермен әсерлі көрініс пен қазақ тіліндегі жоғары санатты дубляждың керемет үйлесімін қаламыздағы барлық кинотеатрлардан тамашалай алады.

«Бұл фильм әзірге еліміздің 4 қаласында көрсетіліп жатыр. Әлеуметтік жобаның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, білікті де білімді жастардың қатарын арттыру, қазақ тіліндегі сапалы ақпараттық өнімдерді көбейту. Балалар сүйікті анимациялық фильмдерді ана тілінде көріп, қазақ тілінен білімдерін жетілдіреді», - деді «Болашақ» корпоративтік қорының төрайымы Динара ЖАЙЖҮНІСОВА.

Новости партнеров