Алматыда қала күніне орай Қуыршақ театры көрмесінің тұсауы кесілді

Алматыда қала күніне орай Қуыршақ театры көрмесінің тұсауы кесілді
Көрме қаладағы «Апорт» сауда орталығында ашылып, бір ай бойы жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қала күніне орай Қуыршақ театры көрмесінің тұсауы кесілді. Онда 30 шақты туындыны тамашалауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл соңғы 2 жылда сахналанған қойылымдарда қолданылып, көрерменнің назарына ілікпеген дүниелер, дейді мәдени шараны ұйымдастырушылар. 

«Суретшінің, режиссерлардың жұмыстары көбінесе көрінбей қалады. Ол спектакльдермен білінбей кетеді. Спектакльдің қалай пайда болуы осы көрмеде көрсетілген», – деді суретші Алтынай Жүсіпәлі.

Көрме қаладағы «Апорт» сауда орталығында ашылып, бір ай бойы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында оны 1 миллион адам тамашалайды деп күтілуде. 

«Бүгін бәрімізге таныс, көңілімізден орын таба білген, тарихы тереңде жатқан қуыршақ театырының бас суретші Алтынай Жүсіпәлінің жұмыстары ұсынылды. Бұл көрменің ерекшелігі неде десеңіз, бізде бірінші рет театр суретшісінің көрмесі болып отыр. Бұл әдеттегідей өте қызық», – деді сауда үйінің көркемдік директоры Светлана Киляоглова.

Новости партнеров