Алматыда «Almaty talent kids» Республикалық балалар шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
3 жастан 15 жасқа дейінгі қатысушылар акробатика, гимнастика, жонглерлік, сиқырлы трюктар, би клоулинг, актерлік шеберлік өнерлері бойынша бақ сынасты. Байқаудың алғашқы кезеңі әлеуметтік желіде халықтың дауыс беруі арқылы анықталса, екінші кезеңін құзыретті қазылар алқасы бағалаған.
«Сондықтан біз осыны біз жария етіп, арнайы өздеріңіздің өнерлеріңізді жария етіп, бізге электронды түрде салып отырсаңыздар, содан бізде жаңағы алқа мүшелері өзінің бағасын беріп, бағасын береді деп айтқанбыз», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.
Онлайн байқауда бірінші орынға алматылық София Консевникова ие болса, екінші орынды Өскемендік Исанель Сауменова қанжығалап, үшінші орын алматылық Евгения Васильеваға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, байқаудың өзгеде қатысушыларына ынталандыру сыйлығы табысталды.
«Мен үш жасымнан бастап акробатикамен айналыса бастадым. Байқау өте қатты ұнады. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», – деді үшінші орын иегері Евгения Васильева.