|
06.10.2021 | 15:03
1478

Алматыда көрнекті ғалымның құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Сіләмхан Жапарханов – ​Қаныш Сәтбаевтың шәкірті, еліміздің су ресурстарын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ғалым

Алматыда көрнекті ғалымның құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Алматыда Қазақстанның көрнекті ғалымы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сіләмхан Жапархановтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сіләмхан Жапарханов – Қаныш Сәтбаевтың шәкірті, еліміздің су ресурстарын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ғалым. Одан бөлек, мәдениет пен дәстүрге терең мән берген жан еді деп еске алды көзін көргендер.

«Ол кісі ұлтымыздың тарихын, дәстүрін, мәдениетін терең білетін. Өзі оқытқан шәкірттеріне үлкен мейірбандық танытатын. Рухани дүниесі ерекше бай кісі еді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ұлықпан Сыдықов.

«Бүгін – отбасымыз үшін үлкен мейрам. Әкемнің құрметіне тақта орнатып жатыр. Әкімдікке үлкен рақмет!» – деді Сіләмхан Жапархановтың қызы Райхан Жапарханова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир