|
19.11.2021 | 14:53
3584

Алматыда «Тойхана» фильмінің тұсаукесері өтті

Рөлдерді актриса Құралай Анарбекова, Алмат Сағатов, Мира Добрынина, Ерлан Пірімбетов сынды актерлар мен Қайрат Нұртас, Абай Бегей, Ерке Есмахан сынды эстрада жұлдыздары сомдаған

Алматыда «Тойхана» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Тойхана» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Түсірілімі бір айға созылған фильмнің режиссері – Әлішер Өтев. Ал рөлдерді актриса Құралай Анарбекова, Алмат Сағатов, Мира Добрынина, Ерлан Пірімбетов сынды актерлар мен Қайрат Нұртас, Абай Бегей, Ерке Есмахан сынды эстрада жұлдыздары сомдаған. Сценарий бір жыл жазылыпты.  

«Тойана, тойхана деген өте жақсы тақырып таңдалған екен. Әсіресе пандемия кезінде жастардың осындай кино түсіріп жатқанын үлкен жетістік дер едім», – деді ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор Марат Омаров.

Фильмнің көрсетіліміне келгендердің арасында аға буын өкілдері де болды. Ең қызығы, фильм 2019 жылы түсірілген. Түсіріліп болғаны сол екен, пандемия басталып, көрсетілімі кейінге шегеріліпті. Жаңа туындының оқиға желісі де осы кезді бейнелегендей болды дейді келушілер.

«Менің бір таңғалатыным, осы киноға шақырту алған кезде, ол кезде карантин болған жоқ еді. Халық жап-жақсы өмір сүріп жатқан болатын. Түсірілімнен кейін жарты жылдан соң дәл сол кинодағыдай жағдай қайталанды. Үкіметтен тойларға шектеу қойылды. Халыққа тойға баруға шектеу қойылды. Кинода бір жарым жыл басымыздан өткерген жағдай расымен қайталанды», – дейді әнші Абай Бегей.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир