Qazaq Book Fair: Алматыда кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол 3 күнге созылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында еңбектердің авторларымен кездесу өтіп, 7 бірдей кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың қатарында «Жошы хан» тарихи романы, «Періштелер жоқ жерде», «Қазақ қазынасы» және тағы да басқа туындылар бар. 28 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қазақстандық баспа 2 мекемемен бірлесе, кітап оқу мәдениетін дамытуды қолға алған.

Айта кетейік, көрме 3 күнге созылады.

– Халық тарихқа шөлдеп отыр. Жошы туралы көркем әдебиеттерде көп кездесе бермейді. Тек деректер негізінде жазуға 4 жыл, ал оны іздеуге 4 жыл жұмсадым. Қытай, парсы деректерін ақтардым, – деді жазушы Ұларбек Дәлейұлы.

– Кітап оқу әдетке айналуы керек. Сондықтан балаларға да, ересектерге де бағдарлама дайындап келдік. Ересектер авторлармен сөйлесіп, өзекті сұрақтарын қойып, тілдесе алатын болса, балалары тегін ұйымдастырылатын мастер-класқа қатыса алады, – деді баспаның бөлім басшысы Айнұр Көпбаева.

Оқи отырыңыз: Музейлер түні-2024: Алматыда қандай іс-шара өтеді

Новости партнеров