Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова 47 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін ет-жақындары мен өнердегі достарының арасында атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Гүлнұр Оразымбетованың туған күн кеші қалай өткенін Instagram желісінен көруге болады. Әнші жаңа жасын елордадағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойлаған. Өнер иесін құттықтап келген жұлдызды қонақтар арасында Ләйлә Сұлтанқызы, Мөлдір Мұқанова, Қыдырәлі мен Қарақат, Сара Тоқтамысова, Зарина Омарова, Маржан Арапбаева, Гүлмира Дайрабаева және т.б бар. Меймандар тележүргізушіге ақ тілегін жолдап, бағалы сыйлықтарын тарту етті. Оразымбетоваға Valetino, Givenchy, Fendi, Guerlain сынды қымбат брендттерден сыйлықтар берілді. Отырыс соңында туған күн иесінің құрметіне үлкен торт алып келді.
Оқи отырыңыз: Серікбол Сайлаубек дүркіретіп той өткізді (видео)