|
28.12.2021 | 16:50
1318

«Алатау» театрында Асанәлі Әшімовке арналған қойылымның тұсаукесері өтті

Ақын Бақыт Беделханның шығармашылығынан алынған «Тағдыр тақтасы» атты спектакль қойылды

«Алатау» театрында Асанәлі Әшімовке арналған қойылымның тұсаукесері өтті Almaty.tv

Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтың құрметіне арналған қойылымның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Мерейлі кеште Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Беделханның шығармашылығынан алынған «Тағдыр тақтасы» атты спектакль қойылды. Шараға өнер және әдебиет майталмандары мен қала халқы қатысып, кино өнерінің хас шеберіне зор ықыласын білдірді.    

«Асанәлі Әшімов дейтін бір фамилияның өзі Алты алашқа тағдыры аңыз болған адам. Ол туралы шығарма жазу әрине, қиын. Асанәлі ағаның өзінің шәкірттері «Жаңа ғасыр» театры – Асекеңнің өз қолтаңбасы, театры. Асанәлі ағаның өмірі мен өнері туралы, тағдыры туралы дүние жасау – жаңалық», – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.  

Саналы ғұмырында тарихи рөлдерді сомдап, жұртшылық ықыласына бөлене білген Асанәлі Әшімовтың артынан ерген шәкірттері қойылымға ерекше атсалысты. Сахна серкелері түрлі рөлдерді сомдаса, режиссерлер жаңа бояу қосып, көрермендер көзайымы болды.  

«Тағдыр тақтасы» деп, ол кісі өзі өмірде шахмат ойынын жақсы көреді. Күнделікті барсаң алдында шахматы тұрады. Сол шахматына қарап, келген кісілермен шахмат ойнап отырады. Сосын сахнаның безендірілуі жағынан осындай бір тағдыр тақтасы деп, шахмат сонда болып жатқан өмір. Бұл жерде 20 ұл-қызбен бірігіп, 20 адам сахнада жүреді», – деді режиссер Жұлдызбек Жұманбай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир