Елімізде алғаш рет өтіп отыр
Алматыда әлем классикасына айналған «ПЕР ГЮНT» симфониялық қойылымның премьерасы өтті. Шымылдығы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында түрілген шара жалпы елімізде алғаш рет өтіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«ПИР ГЮНТ» Норвегиялық композитор Эдвард Григтің Генрик Ибсеннің драмасына жазылған туындысы. Ол жай ғана ертегі емес, 1860 жылдардағы Норвегиядағы өмірдегі қиындықтарды жеңуге мәжбүр, шытырман өмірді ұнатушылар жайлы жазылған фольклорлық шығарма.
«ПИР ГЮНТ» симфониялық қойылым бұрын-соңды Қазақстанда болған емес. Бұл қайталанбас классика, бұл ерекше симбиоз. Классикалық музыка арқылы көрсетілетін пьеса», – деді ұйымдастырушы Әлия Құсайынова.
«Бір күні Әлия Құсайынова маған қоңырау шалып, Алматыда «ПИР ГЮНТ» атты симфониялық пьесаны қою идеясын айтты. Маған бұл спектакль ұнайды, ол Григтің керемет музыкасы сондықтан мен бірден келістім», – деді симфониялық спектакль режиссері Әсел Кембаева.