Алматыда «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына орай фото-көрме ұйымдастырылды

04.08.2022 22:04

Мерекелік іс-шарада ұйымның тарихы таныстырылды

Almaty.tv

Бүгін «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына орай фото-көрме ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада ұйымның тарихы таныстырылып, бірлестіктің 12 мүшесіне «Аманат» партиясының құрмет грамотасы табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кету керек, қолөнер бұйымдарын жасайтын зағип жандар бұған дейін Алматының бірқатар зауыттарымен бірігіп жұмыс істеген.

«Екі жанарынан айырылған азаматтардың көріп отырсыздар. Бұл кісілердің бойынан өмірге деген құлшынысты байқауға болады. Соның арқасында олар бүкіл қиындыққа төтеп беріп келе жатыр», - деді қалалық мәслихат депутаты Рахат Шимашева.

«Біз қазір зәулім ғимараттар салып, 85 жылда осындай дәрежеге жеттік», – деді «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Калкаев.