Аналарды алаңдатқан тағы мәселе – баспана жайы
Әуезов ауданында жалғызбасты және көпбалалы аналар әкіммен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атқарушы билік өкілдеріне мұң-мұқтажын айтқан ақ жаулықтылар негізінен атаулы әлеуметтік көмек алуды айтты. Аналарды алаңдатқан тағы бір мәселе – баспана жайы. Көптің көкейіндегіні тыңдаған әкім қабылдауға келген азаматтардың мәселесі тиісінше қаралып, талап-тілектің ескерілетінін айтты.
«Көп сұрақтар көтерілді. Соның ішінен менің сұрағыма қатысты кеңсе мәселесі шешілетін болды. Әкім өз тарапынан көмек беретінін айтты», – деді көпбалалы ана Айгүл Имансерікова.
«Алматы қаласы әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес әрбір аудан әкімі көпбалалы отбасы немесе қиын жағдайға түсіп қалған аналармен айына 2 рет кезесу керек. Өойылған сұрақтары, ұсыныстары жан-жақты», – деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.