|
28.05.2021 | 14:23
3050

Тұсаукесер: «Алматы» телеарнасынан «Almaty Bala Fest» балалар фестивалін тамашалаңыз

29 мамырда, сағат 19. 00-де «Алматы» арнасы қосулы болсын!

Тұсаукесер: «Алматы» телеарнасынан «Almaty Bala Fest» балалар фестивалін тамашалаңыз almaty.tv

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Almaty Bala Fest» балалар фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобаның негізгі мақсаты – Алматы қаласының дарынды, талантты балаларын табу және оларды таныту. Ұйымдастырушылар жоба арқылы Алматының шығармашылық өмірінің сан алуандығын көрсетуді көздейді. «Almaty Bala Fest»-те талант-шоу форматында мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау мақсатында жүзеге асырылады. 

Жобаның продюсері әрі режиссері Айгүл Асқанбаева «Almaty Bala Fest» қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқанын айтты.

«Almaty Bala Fest» – бұл талант шоу, бұл Алматы қаласының балаларына арналған үлкен жоба. Бұл жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Бүлдіршіндердің ішінен ең таланттыларын таңдалды. Олар эстрада, цирк, хореография, актерлік шеберлік сынды жанрларда өнер көрсетеді», – деді продюсер.

Сонымен қатар, продюсер фестивальге қатысатын барлық қатысушылар дипломант атанатынын айтты.

«Жобаға іріктеу пандемияға байланысты онлайн түрде өтті. Фестивальге қатысамын деген балалардың барлығы өнерлерін көрсетіп, бізге жіберді. Ішінде ең таланттыларын таңдап алдық. Бәрі – жеңімпаз», – дейді А. Асқанбиева.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир