12 жастан асқан балаларға кино-форум «Шежіре» республикалық форумы аясында өткізілді
Ерекше жаратылған балалар қоғамнан шеттетілмеуі керек. Міне осындай қағидатты берік ұстанған психологтар мен тәлімгерлер 12 жастан асқан балаларға кино-форум ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Балаларға арналып таңдалған кинотуындының маңызы да зор. Іс-шара «Шежіре» республикалық форумы аясында өткізілді.
«Фильм «Чудо». Бұл – негізі менің жеке өмірім. Сол үшін ол таңдалды. Форум ішінде мен өзімнің жеке өмірімді айтуға келдім. Бұл фильмде өте маңызды проблемалар көтеріледі. Ол инклюзивті оқу жайлы, ол балалардың өзін-өзі қабылдау, кішкене бет-әлпеті ерекше болса ол өзін ортада қалай сезінеді?! Қандай сұрақтар оған қойылады? Демек қандай сөздер айталады?», – деді психолог Айнұр Әбдіқұлова.