Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра күніне» орай «Аңыз ‒ домбыра, абыз ‒ домбыра» атты мерекелік концерт өтті. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығына жиналған бүлдіршіндер күй тартып, орта ғасырлардағы мен бүгінгінің термелерін орындады. Жиын соңында жас өнерпаздар арнайы сертификаттармен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Біздің бұл концертіміздің басты мақсаты ‒ өнерімізді, ұлттық аспабымызды негізі жастар арасында, жас бүлдіршіндер арасында насихаттау. Сол себепті біз бұл іс-шараны қолдауға бел будық. Мұндай іс-шаралар тек домбыра күнінде ғана емес, жалпы жыл бойына дәстүрлі түрде осы орталықпен бірге бірлесе өткізуді жоспарлап отырмыз», ‒ деді Қалалық «JAS OTAN» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Әкежан Кеңесов.