26 қазанынан бастап кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етілді
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы жылдың 26 қазанынан бастап кинотеатрлардың қызметіне рұқсат. Infokazakhstan.kz порталында тіркелу керек, толтырылуы 30 пайыздан артық емес болуы керек. Маска режимін, әлеуметтік қашықты сақтау және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің № 57 қаулысы талаптарын сақтау», – деді Жандарбек Бекшин.