Алматыда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кеш өтті

Алматыда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кеш өтті
Әуезов театры және №4 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен шарада ақынның өлеңдері оқылып, түрлі көріністер сахналанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» атты шығармашылық кеш өтті. Әуезов театры және №4 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен шарада ақынның өлеңдері оқылып, түрлі көріністер сахналанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл керекті де қажетті шараның бірі деп ойлаймын. Өйткені Жамбылды танып білу, Жамбылдың ұлылығын, Жамбылдың суырыпсалма өнердегі айрықша орнын айту бұл бүгінге керекті, жастарға тәлім беретін нәрсенің бірі», – деді Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ оқытушысы Анарбай Бұлдыбай.

Одан бөлек ақын шығармаларын насихаттау мақсатында «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмесін де ұйымдастырды. Мұнда «Қазақтың Гомеріне» айналған тұлғаның өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмырнамасы сонымен қатар жауһар жырлары мен эпикалық дастандары туралы құнды кітаптар қойылды.

«Шара өз деңгейінде өте жақсы өтіп жатыр. Әлеуметтік желелерге өтіп кеткен заманда осылай бетпе-бет кездесіп, үлкен ғалымдардың әңгімесін тыңдап, осылай жастарға бағыт-бағдар беріп», – деді М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының әдеби драма бөлімінің жетекшісі Мадина Омарова.

Новости партнеров