Алматыда «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі ашылды

10.12.2019 22:25

Көрмеге келген адам кеңестік одақтан бөлініп шыққан тәуелсіз республиканың тарихымен таныса алады

Almaty.tv

Тәуелсіздік жылдарынан кейін Қазақстанның саясы жағдайы қандай болды? Егемендіктен кейін ел қалай дамыды? Бұл сұрақтарға қала тұрғындары мен қонақтары бүгін өткен кітап көрмесінен жауап алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда келген адам кеңестік одақтан бөлініп шыққан тәуелсіз республиканың тарихымен таныса алады.  

«Екі тілде кітаптар қойылды. Орысша және қазақша. Кітап көрмесінің негізі мақсаты – оқырмандарды Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен, саясатымен, ахуалымен, саяси экономикасымен таныстыру», - деді Алматы қаласы № 43 орталықтандырылған кітапхана филиалының кітапханашысы Жеңісгүл ЕРМЕКБАЕВА.