Таң ата үй иелері қардағы қан іздерін көрген соң бейнебақылау жүйесін тексерген
Ресейдің Архангельск облысындағы Нёнокс ауылында алты қасқырдың екі итті талап тастағаны видеоға түсіп қалды. Ауыл тұрғындары өз балалары үшін қорқып отыр. Видео Youtube желісінде жарияланды, деп хабарлайды Sputnik.
Бұл оқиға 3 желтоқсан күні таңғы сағат 05:30-да жеке үйдің ауласында болған. Таң атқанда үй иелері далаға шығып, қардағы қан іздерін көргеннен кейін бейнебақылау жүйесін тексерген. Сөйтсе, бір үйір қасқыр екі итті жарып кеткен.
«Біздің Лайкамызды және оның күшігін жарып кетті. Біз мал ұстаймыз. Отағасы жем беруге шыққанда жерде қанның іздерін көрген. Қасқырлар таңғы сағат 6.30-да екі итке шабуыл жасаған. Ал 7-ден бастап балалар мектепке барады. Ол әскери қалашықта орналасқан. Оған көл арқылы өтеді, қашықтығы – үш шақырым. Біз балаларымыз үшін қорқып отырмыз», - дейді видео авторы.
Жергілікті билік аңшыларға хабар беріп, қасқырларды іздестіруге кірісті. Ауыл тұрғындарында да қасқыр атуға рұқсат бар.
«Ауылда қасқырлардың екі тобын көрген. Біреуінде алты қасқыр болса, екіншісінде – төртеу. Сосын жалғыз жүрген бір қасқыр бар. Сонда барлығы – 11 аш қасқыр. Осы уақытқа дейін олар 15 итті талап кеткен», - дейді ауыл тұрғындары.
✔️Таң атқанда үй иелері далаға шығып, қардағы қан іздерін көргеннен кейін бейнебақылау жүйесін тексерген НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Архангельск облысындағы Нёнокс ауылында алты қасқырдың екі итті талап тастағаны видеоға түсіп қалды. Ауыл тұрғындары өз балалары үшін қорқып отыр. Видео Youtube желісінде жарияланды. Бұл оқиға 3 желтоқсан күні таңғы сағат 05:30-да жеке үйдің ауласында болған. Таң атқанда үй иелері далаға шығып, қардағы қан іздерін көргеннен кейін бейнебақылау жүйесін тексерген. Сөйтсе, бір үйір қасқыр екі итті жарып кеткен. "Біздің лайкамызды және оның күшігін жарып кетті. Біз мал ұстаймыз. Отағасы жем беруге шыққанда жерде қанның іздерін көрген. Қасқырлар таңғы сағат алты жарымда екі итке шабуыл жасаған. Ал жетіден бастап балалар мектепке барады. Ол әскери қалашықта орналасқан. Оған көл арқылы өтеді, қашықтығы – үш шақырым. Біз балалар үшін қорқып отырмыз", - дейді видеоның авторы. Жергілікті билік аңшыларға хабар беріп, қасқырларды іздестіруге кірісті. Ауыл тұрғындарына да қасқыр атуға рұқсат бар.
Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz) 10 Дек 2019 в 4:21 PST