Алматыда Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына биыл 88 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай поэзиялық кеш өтті. Алатау дәстүрлі өнер театарында өткен рухани кеште халық ақынның өлеңдерімен сусындап, көптен айтылмай жүрген әндерін тыңдады.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына биыл 88 жыл. Оның өлеңдері адамды шетсіз-шексіз кеңістікке, көз сүрінер биікке жетелейді. Қасиетті қазақ жерін қарапайым да, көңілге қонымды өлең жолдарымен жырлау арқылы жұрттың жанын баурайды. Небәрі 45 жасында қайтыс болған шайырдың алғашқы өлең жинағы 33 жасында жарық көрген екен.
«Мұқағалидің көптен бері айтылмай жүрген, айтылмай кеткен әндері орындалды осы жерде», - деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бас режиссері Жұманбай ЖҰЛДЫЗБЕК.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
04.10.2026 10:30
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті
03.10.2026 16:00