Қазақ режиссерлері Әлия Молдағұлова жайлы кино түсірмек

08.05.2019 22:27

Кино Қазақстан, Ресей және Беларусь жерлерінде түсіріледі

Елімізде Совет одағының батыры, қазақтың әйгілі снайпер қызы Әлия Молдағұлова туралы фильм түсірілгелі жатыр. Мамандар кинодраманың сценариіне кірісіп те кеткен, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде Әлияның өміріне байланысты мұрағаттық мәліметтер мен батыр қыз жайлы естеліктер жинау жүріп жатыр. Ауқымды тарихи киножобаның түсірілімі Қазақстан, Ресей және Беларусь жерлерінде болады деп жоспарлануда.

«Оқиға Әлияның майдан шебіне келген сәтінен басталады. Жалпы, фильм қалай шайқасқаны және оның ерлікпен қаза тапқан кезін қамтиды», дейді –фильмнің режиссері әрі сценаристі Рашид СҮЛЕЙМЕНОВ.

Ауқымды жобаның бір бөлігін қытайлық кинематографтар қаржыландырмақ. Ал қалған бөлігін картина авторлары халықтың және инвесторлардың көмегімен жинаймыз деген үмітте. Мамандар кеткен шығынды фильм прокатынан толықтай қайтарып аламыз, екіншіден, демеушілердің есімдері титрға беріледі дейді.