Алматыда Елбасы жүлдесіне қатысатын үздік палуандар іріктелуде

08.05.2019 23:09

Екі палуан «Қазақстан барысында» Алматының намысын қорғайды

«Алматы барысы – 2019» сайысының жеңімпазы келесі айда елордада қазақ күресінен Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін жарысқа қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Қалалық жарысты Алматы қалалық Спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. Мақсат – ұлттық спорт түрін дәріптеп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Бүгінгі дүбірлі додаға қаланың әр ауданынан оза шапқан 24 спортшы қатысты. Айта кету керек, алғашқы орындарды жеңіп алған екі палуан «Қазақстан барысында» Алматы қаласының намысын қорғайтын болады.